«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік әзірлігі тексерілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік әзірлігі тексерілді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер мен құрылымдар жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Белгі берілісімен, әскерилер түгелдей жауынгерлік дабылмен көтерілді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы өткен жылды сәтті аяқтады. Оқу кезеңіндегі жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша жалпы әскери құрылымдар арасында жүлделі орындарды 10810, 27943, 40398 әскери бөлімдері жеңіп алды. Артиллериялық бригадалар арасында 28738, 36803, 10181әскери бөлімдері үздік шықты. Резервтегі бригадалар арасында 30217, 35411, 36376 әскери бөлімдері топты жарды. Жауынгерлік қамтамасыз ету құрылымдары мен бөлімдері арасындағы алғашқы орын 44736 әскери бөліміне бұйырды. Бұл көштен 44793, 54770 әскери бөлімдері де шет қалмады.

Тыл техникаларын жөндеу мен әскерді толық қамтамасыз ету құрылымдар арасында 32388, 16443 әскери бөлімдері озық шықты. Сақтау базалары (қоймалары) арасында 15701, 41446, 47007 әскери бөлімдері  үштікке ілінді. Жеке әскери бөлімдердің ішінен 32355-К, 21098, 12794 әскери бөлімдері ерекшеленді. Әскери медициналық мекемелердің ішінен Семей қаласының әскери госпиталі, Аякөз қаласындағы әскери госпиталь,Үшарал әскери лазареті жақсы жетістіктерімен көзге түсті.10810 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальоны, 27943 әскери бөлімінің 2-ші мотоатқыштар батальоны, 40398 әскери бөлімінің 3-ші мотоатқыштар батальоны «үздік мотоатқыштар батальоны» атанды.

Ал, 40398 әскери бөлімінің танк батальоны, 27943 әскери бөлімінің танк батальоны, 10810 әскери бөлімінің 3-ші танк батальоны «үздік танк батальоны» номинациясын ұтып алды.

   «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» ұранымен басталған жаңа оқу жылында жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруде жеке құрамның қимылын одан әрі жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін құрылымдардың дайындығын арттыруға, басқарма жүйесі мен әскерилердің дене дайындығын күшейтуге басты назар бөлінбекші. Жауынгерлік әзірлікті ұйымдастыру барынша жақсартылып, әскерилердің кәсіби біліктілігі мен жоғары тәртібіне де ерекше мән беріледі. 
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи