«Шығыс» ӨңҚ ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында үздік атанды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 2015 оқу жылын сәтті аяқтап, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің арасында үздік атанды.

Басты назар әскери бөлімдердің жауынгерлік ауызбіршілігі мен барлық деңгейдегі әскери қызметшілердің жеке дайындығына бөлінді. Мәселен, 25 наурыз бен 28 мамыр аралығында 40398, 10181 әскери бөлімдерінің қатысуымен «Жауынгерлікке бағытталған ауданға марш», «Дағдарысты ауданда арнайы әскери қимылдарды дайындау мен жүргізу» және «Құрамдастырылған тәсілмен жауынгерлікке бағытталған ауданға бригаданың жылжуы», «Арнайы операция барысында артиллерияның жауынгерлік қимылын дайындау мен жүргізу» тақырыбында екі бригадалық тактикалық жаттығу өтті. Өңірлік қолбасшылықтың көлемінде топты жарған рота мен батареяның 11 үздік командирі 2-7 сәуір аралығында ҚР ҚК Құрлық әскерінің сайысында жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.

ҚР ҚК Құрлық әскерінің үздік танк экипажын анықтап, Ресей Федерациясында танк биатлонынан болатын әлем чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында 25-28 мамыр күндері «Майлино» оқу полигонында өткен «Танк биатлоны – 2015» жарысында алғашқы жүлделі орындарды лейтенант Асылбек Мұсұрманқұлов пен лейтенант Еламан Әбішев басқарған танк экипаждары ұтып алды. Бұл екеуі де «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 10810 әскери бөлімінен. Үздік танк экипаждары «Алабино» полигонындағы халықаралық деңгейдегі жарыста да жоғары нәтиже көрсетті. Ал, 10-18 қыркүйек аралығында «Айбалта-2015» жедел-тактикалық жаттығуының аясында 27943 әскери бөлімінің қатысуымен 1 бригадалық-тактикалық жаттығу болды. Осы жаттығулар ұйымдастырылған аудандарға өңірлік қолбасшылықтың әскерлері темір жол көлігі және толық әскери жабдықпен жүріп өтуі қиын жер арқылы келді.

Сондай-ақ, 14-18 қыркүйекте «Шығыс» жалпыәскери полигонында стратегиялық командалы-штабтық «Орталық – 2015» жаттығуының жауынгерлік ату кезеңі бригадалық тактикалық топтардың қимылымен жүзеге асты. Жауынгерлік ату кезеңі Ми-17 әскери авиация тікұшағының жылжып келе жатқан қарсыластың техникасына соққы беруінен басталды. Қорғаныс ауданына батальондық тактикалық топ орналасты. Оның құрамындағы  мотоатқыштар батальоны жаяу әскердің БМП-2 машинасы, бронды тесіп өту әлеуеті 375 мм шамасындағы танкіге қарсы РПГ-7 қол гранатасы, пулеметтер және өзге ату қарулары арқылы қарсыласқа оқ жаудырды. Артиллериялық дивизион да калибрі 122 мм Д-30 гаубицадан оқ атып, қарсыластың мото, жаяу әскер құрылымдары, ату құралдары, командалық пунктері талқандалды.

«Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшылығының басқармасы мен 10810, 30217, 44793 әскери бөлімдері құрамаларының тәжірибелік қимылы бірыңғай жедел жағдайда өтті. Өткен жылы 44736 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы (аэромобильді) барлау ротасының жеке құрамы да алғашқы әуе-десант дайындығына қатысып, МИ-8 тікұшағынан және АН-2 ұшағынан парашютпен секіруден жаттықты. Қолбасшылыққа қарасты 10810 және 28738 әскери бөлімдерінде жауынгерлік әзірліктің сапасын жақсартуға бағытталған жаңа модульді жүйе одан әрі жалғасты. Осындай түрлі деңгейдегі жаттығуларға қатысу арқылы әскери қызметшілер кәсіби білімі мен біліктілігін одан әрі шыңдай түсті.

Қуандық Кенжеғұлов, аға лейтенант

Қуандық Кенжеғұлов, аға лейтенант, (10810 әскери бөлімі):

«Мен Ресей Федерациясында танк биатлонынан ұйымдастырылатын халықаралық жарысқа бірнеше мәрте қатысып келемін. Танкіні тізгіндеп, түрлі әдіспен оқ ату, мүлт кетпей нысанаға дәл тигізу, соңғы нәтижесінде жүлделі орынды иелену нағыз кәсіби шеберлікті қажет етеді. Ал, «Орталық-2015» жаттығуында рота басқардым. Ротаны ұрысқа алып келіп, атысты ұйымдастырдым. Сөз жоқ, маңызды жарыстардан мол тәжірибе жинақтап жүрмін. Тілегім - кең көлемді осындай жаттығулар жиі қолға алынса екен».

   Сағат Хасенов, механик-жүргізуші (30217 әскери бөлімі):

«Роталық, батальондық, дивизиондық тактикалық жаттығулар өткізіліп тұрады. Ал, бригадалы тактикалық жаттығуды ұйымдастыру – өте күрделі тақырып қой. Былтырғы РФ ҚК әскерилерімен бірлескен жаттығуда бірқатар құрылымдардың өзара қимылы жұмылдырылды. Авиацияның нақты соққысы мен артиллерияның атыс кестесі мінсіз орындалды. Стратегиялық командалы-штабтық «Орталық-2015» жаттығуында өз басым тактикалық жағынан көп сабақ алдым. Қай жағынан шабуыл жасап, тактикалық қимыл-әрекетті қалай қолдану керектігін үйрендім. Механик-жүргізушілер де, көздеуші операторлар да, танк командирлері де өз міндетін өте жақсы орындады».  

2015 жыл ішінде қарқынды жауынгерлік әзірлік барысында бөлімшелердің (есеп топтардың) 377 жауынгерлік атысы, оның ішінде 124-і түнде (32,8%), взводтардың 102 жауынгерлік атысы, оның ішінде 34-і түнде (33,3%), барлау құрылымдарымен 26 взводты-тактикалық арнайы жаттығулар, оның ішінде 17-сі түнде (56,6%), роталық тактикалық 75 жаттығу, оның ішінде 19-ы түнде (24,2%), батареяның тактикалық 98 жаттығуы, оның ішінде 32-сі түнде (40,5%), батальондық тактикалық 4 жаттығу, дивизионның 7 тактикалық жаттығуы және 158 далалық шығу жүзеге асты. Өткен жылда 5008 тәжірибелік ату қолға алынып, 1442-сі түнгі уақытта болды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда бөлімдер мен құрылымдардағы тәжірибелік ату санының 18 %-ға өскенін білдіреді. Бұған қоса, әскери техниканы жүргізудің саны да 10 %-ға артты. Былтыр техника жүргізудің 1924 шарасы (оның 694 түнгі мерзімде) өтті. 
 
Генерал-майор
Мұрат Бектанов
Мұрат Бектанов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор:
«Алда тұрған міндеттер жетерлік. Биылғы оқу жылындағы жауынгерлік дайындықтың басты оқиғасы – ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің көлеміндегі «Айбалта-2016» жаттығуы. Ал, «Отар» оқу орталығындағы бригадалы-тактикалық жаттығуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан бірқатар әскери бөлімдер құрамдастырылған маршпен барады деп жоспарланып отыр. Әскери мамандықтарға қатысты «АрМИ-2016», «Танк биатлоны», «Суворов шабуылы», «Артиллериялық атыс шеберлері», «Әскери барлаудың үздіктері» және тағы басқа байқауларға қатысу үшін де дайындыққа барынша күш салу керек. Құрлық әскерлеріне жүктеліп отырған міндет – қазіргі соғыс пен қарулы қақтығыстардың түр-сипатына сәйкес, әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және мобилизациялық әзірлігін одан әрі көтеру, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, жеке құраммен жұмыс сапасын арттыру. «Мәңгілік ел» тұғыры – Қуатты Армия!» ұранымен басталған жаңа оқу жылында жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіруде жеке құрамның қимылын одан әрі жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін құрылымдардың дайындығын арттыруға, басқарма жүйесі мен әскерилердің дене дайындығын күшейтуге ерекше көңіл бөлінбекші. Биыл жауынгерлік әзірлікті ұйымдастыру барынша жақсартылып, әскерилердің кәсіби біліктілігі мен жоғары тәртібіне де ерекше мән беріледі».

   Сөз соңында. 2015 оқу жылында еліміздің Қарулы Күштерінде 3 600-ден астам жаттығулар, 21 000-нан астам түрлі қару-жарақтан тәжірибелік атыс, 680-нен астам далалық жағдайдағы жиын өтті. Жыл өткен сайын жауынгерлік әзірліктің деңгейі жетіліп, тиімділігі де анағұрлым артып келеді. Әрі жаттығуларды және сабақтарды дайындау мен өткізудің санына емес, сапасына күш салынады. Мұның барлығы не үшін қажет? Қарулы Күштеріміздің мына заманның талабына сай ұдайы жетілдіру үшін керек. Қазір әлем тыныш емес. Мемлекеттің қорғанысы – ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі кәсіби армияны дамыту деген сөз.

 

2015 жылғы оқу кезеңіндегі жауынгерлік жарыстың қорытындысы

атауы

орындар

әскери бөлімдер

Жалпы әскери бригадалар арасында   

1 орын

2 орын

3 орын

10810 әскери бөлімі

27943 әскери бөлімі

40398 әскери бөлімі

Артиллериялық бригадалар арасында

1 орын                                                                      2 орын                                                                      3 орын

28738 әскери бөлімі                                                                           

36803 әскери бөлімі

10181 әскери бөлімі

Резервтегі бригадалар арасында           

1 орын                                                                      2 орын                                                                      3 орын

30217 әскери бөлімі

35411әскери бөлімі

36376 әскери бөлімі

Жауынгерлік қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері арасында

1 орын                                                                       2 орын                                                                       3 орын

44736 әскери бөлімі

44793 әскери бөлімі

54770 әскери бөлімі

Тыл техникаларын жөндеу мен әскерді толық қамтамасыз ету құрылымдар арасында                                                      

1 орын                                                                       2 орын

32388 әскери бөлімі

16443 әскери бөлімі

 

Сақтау базалары (қоймалары) арасында  

1 орын                                                                       2 орын                                                                       3 орын

15701 әскери бөлімі

41446 әскери бөлімі

47007 әскери бөлімі 

Жеке әскери бөлімдердің арасында          

1 орын                                                                       2 орын                                                                         3 орын

32355-К әскери бөлімі

21098 әскери бөлімі

12794 әскери бөлімі

Әскери медициналық мекемелер арасында

1 орын

 

2 орын                                                                        

 

3 орын

Семей қаласының әскери госпиталі

Аякөз қаласының әскери госпиталі                                                    

Үшарал қаласының әскери лазареті


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"