Тәжірибелік дағдыны меңгеруде

Бүгінде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес артиллериялық бөлімшелер мамандарының оңаша даярлығы жүріп жатыр. Сабақтарда тиеу-түсіру жұмыстары тетігінің құралдары қолданылды.

Сондай-ақ, онда техникалық құралдардың мүмкіндіктері мен оларды қолдану тәртібі көрсетіліп, зерделенді. Оқ-дәрілердің сақталуын қамтамасыз ету жолдары мен тәсілдері, техникалық аумақта жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі қағидаттары түсіндірілді. Артиллерия мамандары сабақтарда зеңбіректердің, аспаптар мен артиллериялық оқ-дәрілердің құрылысын, тактика-техникалық сипаттамалары мен арналуын зерделейді, сондай-ақ ұдайы жауынгерлік әзірлікте пайдалану, қызмет көрсету мен сақтау, ұстау жөнінде алған білімдерін жетілдіреді.

Автомобильді техника жүргізушілері және жауынгерлік машиналардың механик-жүргізушілерімен автомобильдер мен шынжыртабанды техниканы пайдалану ережелері мен құрылысы қаралды, әртүрлі жол және климаттық жағдайларда жол жүру мен машиналарды жүргізу ережелері зерделенді, бекітіліп берілген автомобильді сенімді жүргізу және оның техникалық қызмет көрсетілуі, пайдалану барысында туындаған ақаулықтарды ағымдағы жөндеу және жою пысықталады, сабақтың соңында әскери қызметшілермен техникалық даярлық бойынша нормативтер пысықталады.

Артиллериялық батареялар командирлерінің арқасында есептоп бастықтары мен зеңбірек көздеушілері артиллериялық зеңбіректерді жауынгерлік қолдану жөнінде практикалық машықты меңгеруде. Техникалық қамтамасыз ету мамандарымен бөлім автоқызметінің бастығы майор Виталий Аютченко  және реактивті артиллериялық дивизион командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары капитан Сергей Кочетов сабақтардың өткізілуін оқ-дәрілерді сақтау және есепке алу тәртібін айқындайтын басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес құрды. 


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"