Халықаралық қауымдастықтағы Қазақстан

Халықаралық қауымдастықтағы Қазақстан

Бүгінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалық қызметіне кіріскені туралы әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен талқылап жатыр.

Осыған қатысты халықаралық танымал InDepthNews жаңалықтар сайты «Орталық Азиядағы еңсесін тіктеген ел өз тарихында алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалықты қолына алды. Қазір әлем қауымдастығы Қазақстанның осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық қарым-қатынастың жаңа үлгісін жасауы үшін қандай шараларды жүзеге асырады» деп жазған. Сондай-ақ, аталмыш сайт Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйым жүйесін XXI ғасыр сын-қатерлеріне бейімдеуге күш саламын деп уәде еткенін де атап өткен.

***
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында өтетін Қауіпсіздік Кеңесінде ядролық қаруды таратпау мәселесі басты талқыланатын тақырып болмақ. Бұл туралы Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы Қайрат Омаров мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ 18 қаңтарда Кеңесте жаппай қырып-жою қаруларын таратпауға арналған жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг те өтеді екен. Оған бірқатар елдердің басшылары мен министрлері қатысады деп күтілуде. Ал, аталмыш Брифингте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?