Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

Әнші, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, республикалық «Алтын жүрек» номинациясының иегері Майра ІЛИЯСОВА:

– Екінші дүниежүзілік соғыстың отты жылдарында неміс-фашист басқыншыларын жеңуге ән рух берді. Сол әндер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, әлі күнге дейін сақталып келеді. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап Жеңіс салтанатына дейін жауынгердің жадында әрдайым халық арасында танымал болған патриоттық әндер болды. Ол жаудың бетін қайтара алатын қуатты қаруға айналды. Қиындыққа төзуге көмектесті, батылдық пен ержүректілікке тәрбиеледі. Бейбіт өмірге деген сенімін нығайтты. Егемен еліміздің Қарулы Күштері құрылған 27 жылдың ішінде талай патриоттық жаңа әндер дүниеге келді. Өз репертуарымда «Алға, қазақ елі», «Ана туралы баллада», «Айналдым елім», «Қазақстан – кең өлкем» және тағы да басқа патриоттық әндер бар. Алдыңғы толқын – ағалардан ән эстафетасын қабыл алып, бүгінгі сазгерлер Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың өшпес ерлігін жырлауды жалғастырып келеді. Жыл өткен сайын батыр бабаларға бағышталған ән-жыр көбеймесе, азаймақ емес. Отанымыздың шекарасын қорғап, еліне қызмет етіп жүрген барша Отан қорғаушыларды кәсіби төл мерекесімен құттықтаймын! Дендеріне саулық, отбасыларына қуаныш пен шаттық, ырыс пен бақыт тілеймін! Тәуелсіз мемлекетіміздің бақыты да, байлығы да – бейбітшілік. Еліміздің іргесі аман болып, көк байрағымыз желбірей берсін!

 

   Ауғанстан соғысының ардагері Боранбай БЕГАТОВ:

– Отанды қорғау – қазақ халқы үшін тамыры тереңде жатқан рухы биік тарихи дәстүр. Бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін 7 мамыр – ерекше күн. Тәуелсіз мемлекетіміздің мүддесі үшін маңдай терін төгіп, қажырлы еңбек етіп жүрген әскери қызметшілермен мақтануға болады. Тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін сақтау ең алдымен Отан қорғаушыларға жүктеледі. Қарулы Күштердің дамуы Отан қорғаушылардың рухани потенциалының жан-жақты жұмылуын талап етеді. «Отаның берік болса – жау алмайды» дейді. Отан қорғаушылардың қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының немерелері мен шөберелері көп. Олар аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Алайда, армиямыз бен халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, еліміздің қауіпсіздігі мен бейбітшілікті қорғау жолында қажет болған жағдайда қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын ержүрек патриоттар. Уақыт алмасады. Ұрпақтар өзгереді. Бірақ, Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік, әрі жауынгерлік рух өзгеріссіз қалады. 7 мамыр – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесі. Біздің халқымызға қорған болған, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи