Армия мен отбасы әрқашанда бірге

2018 жылғы 19 ақпанда 10952 әскери бөлімінде бөлім командирі майор Айбек Калкаевтың басшылығымен әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне арнап «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.  

Іс-шара мәжіліс залында сұхбаттасудан басталды. Сол жерде Маржан Хафизбекқызы мен Рыскүл Байдиллақызы әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне 10952 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің құрамымен таныстырып, өздерінің әскери өмірінен алынған қызық оқиғаларды айтып, әңгіме-дүкен құрды.  
Одан кейін майор Айбек Калкаев әскери қызметшілердің тәуліктік наряд атқаратын қызмет орындарына, яғни 10952 әскери бөлімінің кешенді ғимаратына, автомобиль паркіне және сарбаздар асханасына экскурсия жасады.
Аталған іс-шараны ұйымдастырудағы бөлім қолбасшылығының алға қойған мақсаты – әскерилердің отбасыларына, олардың жұбайлары мен әкелерінің ерекше қызмет өткеруде, қандай жауапты да маңызды тапсырмаларды орындап жүргенін көрсету, олардың, яғни отбасының тарапынан түсіністік танытып, қолдау көрсету қажеттігін жеткізу болатын.

Майор              Азамат Жағалбаев
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"