Қатырған екенсің...

Кішкене шатпақтап жазатын әдет таптым. Оларым газет бетінде әупірімдеп шығып та қояды. Біреулер жазғанымды түсінеді, ал біреулер «мынау не деген былшыл» дейді. Бір күні көшеде келе жатқанымда көптен көрмей кеткен танысыма кездестім...

 Амандық-саулықтан соң:

– Әй, сені писатель деп жүр ғой біреулер...

– Жазамыз ептеп, газетке жазамыз. Сіз не газет оқымаушы ма едініз, Қақа?

– Қайдағы газет, қазіргі өміріміздің өзі газет қой. Сол сендердің жазатындарыңды жұрт өзі-ақ өсектеп жеткізеді. То-есть, қызық болсын, сен не туралы жазып жүрсің, соны айтшы.

– Енді Қақа біреуді түйреп, екіншісін шымшып, керегінде қыршып жазамын.

– Маладес! Енді не жазасың?

– Ойым бір кісінің өмірін жазу. Оны бастадым да.

– Айтшы, қызық болсын.

– Қызық емес шыжық деңіз. Айтайын. Өмірі газетке жазылмаған, оны керек деп санамаған мияуды шымшып жаздым.

– Қатырған екенсің...

– Қалтасында ақша толы, қашанда жоқ-жоқ деп жүретін шығайбайды қыршып жаздым.

–Қатырған екенсің...

– Қай жерде көрсеңде жылап, қарыз ақша сұрап, алғанын ешқашан қайтармай, өзінде болса да басқадан темекі сұрап жүретін, өтірік күлетін, шындықтан аулақ болатын, арақ ішіп мас, қызды көрсе жас болатын кәрі текені түйреп жаздым.

–Қатырған екенсің...

–Қазақша-орысшаны шатып, өзінше жиналыстарда мінбені бермей екі-үш сағат то-естімен сөйлеп терлейтін шаланы мыжып жаздым.

–Қатырған екенсің. То-есть, секрет болмаса, кім екен ол адам?

–Сізге ауыр тие ме деп тұрғаным... Ол кісі менің алдымда тұр, ағасы.

– Не дейді. То-есть...

Әдебиет Жұманов


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"