"Наурыз мейрамы" қарсаңында Қарулы Күштерде қырағылықты арттыру үшін шаралар қабылданды
Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде осы аптадағы қойылған міндеттер мен атқарылатын шаралардың барысы қаралды. Кеңес барысында роталардың үйлесімділігі нәтижесі, роталық-тактикалық оқу-жаттығудың нәтижелері, сондай-ақ батальон және дивизионның жауынгерлік даярлығы бойынша шаралардың жоспары талқыланды. «Мәтібұлақ» полигонында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерін аралық кенеттен тексеру нәтижелері аталып...