БАҒАНАЛЫ БАСТЫ ОРДА
6 шілде – ел бағына баланған елордамыздың туған күні. Қазір Сарыарқаның төсінде көзтартарлықтай боп бой тіккен бас қаламызға қазақстандықтар ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келгендер де тамсана қарап, сүйсінуде. Ал осыдан бірнеше ғасырлар бұрын бұл жер қандай еді?! Осыдан мыңдаған жылдар бұрын Есіл өзенінің сол жағалауында орын тепкен Қыпшақ сұлтанының әскери ставкасы жаңа ғасырда жаңарып, бой түзеген беделді бас орда болады деп кім ойлаған?! Біздей ұрпаққа бұл Боз-оқ қаласының үйіндісін...