Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Бауыржан Момышұлын еске алып, құрмет көрсетті
Бүгін 24 желтоқсанда Панфилов дивизиясының аты аңызға айналған батальон командирі Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде халық батырының туған күніне орайластырылып, еске алу іс-шаралары болып өтті. Нұр-Сұлтан қаласында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев, Бас штаб бастығының бірінші орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің...