Турнирде бақ сынады

Турнирде бақ сынады

ҚР ҚК Әуе қорғаныс Күштерінің әскери қызметшілері арасында «Әскер барысы» атағын анықтау үшін 31767 әскери бөлімінің базасында іріктеу турнирі өтті.

Турнирге Әуе Қорғаныс Күштері Әуе Шабуылына Қарсы Қорғаныс Күштерінің және Әуе Әскери Күштерінің әскери бөлімдерінен, ӘҚК Әскери Институты, РЭжБӘИ Институтының әскери қызметшілері қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында 31767 әскери бөлім командирі подполковник А.Жүсіпов сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир нәтижесінде ІІІ орынды 30131 әскери бөлімінің атынан келген қатардағы жауынгер Ә.Жұмаділлаев және 47762 әскери бөлімінің атынан келген қатардағы жауынгер Ж.Хансейт иеленсе, ІІ орынды 47762 әскери бөлімінің сержанты Ж.Махтин алды. І орынды РЭжБӘИ Институтының атынан шыққан сержант К.Сейтжанов қанжығасына байлады.

Жеңімпаздарға медальдар тапсырылып, алғысхаттармен марапатталды.

 

Нұрсәуле Мұқажанова

31767 ә/б ТжИЖ бөлімінің қызмет маманы

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи