Турнир өз мәресіне жетті

Турнир өз мәресіне жетті

Алматыда АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында әскери қызметшілер арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогына ашық республикалық турнир өтті.        

Турнирге Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, Қорғаныс министрлігі жоғары әскери оқу орындарының, сондай-ақ Мемлекеттік күзеті қызметі мен Ішкі істер министрлігінің намысын қорғаған 20 командадан 100-ге жуық спортшы қатысты. Турнирдің шешу жекпе-жегінің салтанатты рәсімін Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының төрағасы, ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев ашты.

«Мемлекет басшылығының арқасында елімізде спортқа аса мән беріледі. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, спортпен шұғылдану физикалық күш пен денсаулықты нығайтып қана қоймай, сонымен бірге, еркіндікке, табандылыққа, сәттілікке ұмтылуға жетелейді, жоғары моральдық, рухани қасиеттерді қалыптастырады. Мұндай мықты адамдар өмірдің барлық салаларындағы кез келген тапсырмаларға төтеп береді.  Жас бозбала үлкен спортта керемет нәтижелерге қол жеткізбесе де жекпе-жекпен айналысу және осы спорттың қыр-сырын меңгеру оған өз күшінің сенімділігін арттырады. Әскери-қолданбалы спорт түрлері, әсіресе, армиялық қоян-қолтық ұрыс әскери қызметшілер үшін айрықша мәнге ие. Жауынгерлік машықты жетілдірудің маңызды құралы болып келеді.  Әскери технологиялардың, жоюдың контактісіз тәсілдерінің дамуына қарамастан, жақыннан ұрысу және қоян-қолтық белдесуді алып тастауға болмайды», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы. Турнир барысында балуандар 60, 70, 80, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде «5-те 5» командалық есепте сайысты. Турнир қорытындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының балуандары мықты атанды. Екінші орынды Десанттық-шабуылдау әскерлерді иеленді, жүлдегерлер үштігіне Әуе қорғанысы күштерінің командасы ілікті.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи