«Танк биатлоны» байқауының жеке жарысында бірінші болып мәреге жетті

«Танк биатлоны» байқауының жеке жарысында бірінші болып мәреге жетті

Армия халықаралық ойындарында қазақстандық команданың екінші танкісі Қытай, Уганда және Кувейт өкілдерін озып өтіп, жеке жарыста бірінші болып мәре сызығына жетті.

Командир аға лейтенант Ержан Құдайберген, механик-жүргізуші аға сержант Думан Байжанов пен көздеуші оператор аға сержант Ерасыл Жұмағұловтың құрамындағы экипаж 20 минут 57 секунд ішінде қашықтықтан өтті.  Жеке жарыстың шарттарына сәйкес әр танк 5 шақырымнан үш шеңберден өтеді. Танкішілерге аяқ өткелден, төбеден, қия беткейден, эскарптан, танкіге қарсы шұңқыр мен басқа да кедергілерді өту қажет. Әр шеңберде атыс шептері орнатылған. Онда кезекпен-кезек зеңбіректен штаттық артиллериялық оқ атулармен, зениттік оқшашар және қосарлы оқшашардан атыс жүргізіледі. «Қиындыққа қарамастан, біз жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шықтық. Бұл ең алдымен, барлық экипаждың шеберлігі мен үйлесімді жұмысының арқасы», - дейді механик-жүргізуші аға сержант Д. Байжанов. Алғашқы қазақстандық экипаж ойындардың ашылу күні Қытай танкшілерінен жеңіліс тауып, 24 минут 42 секунд ішінде екінші болып мәреге жетті. Үшінші экипаждың бәйгесі 3 тамызға жоспарланып отыр. 



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"