Риода еркін күрестен қазақ балуандары жарысты 19 тамызда бастайды. Бұл күні еркін күрестен екі балуанымыз боз кілемге шығады.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де (Астана уақытымен - 19:00) 57 келі салмақтағы балуанымыз Артас Сана мен 74 келідегі балуанымыз Ғалымжан Өсербаев сынға түседі.
Финалдық бәсекелер сағат 16:00-де (Астана уақытымен - түнгі 01:00) басталады.
20 тамыз күні сағат 10:00-де (Астана уақытымен - 19:00) 86 келі салмақтағы балуанымыз Аслан Кахидзе мен 125 келі салмақтағы балуанымыз Дәулет Шабанбай ел намысын қорғайды.
Финалдық бәсекелер жергілікті уақытпен 16:00-де (Астана уақытымен - түнгі 01:00) басталады.
Ал Олимпиаданың соңғы күні, яғни 21 тамызда жергілікті уақытпен 08:30-да (Астана уақытымен - 17:30) 97 келі салмақтағы балуанымыз Мамед Ибрагимов ел намысын қорғап, еркін күресті аяқтайды.
Бұл салмақтың финалдық бәсекелері 12:45-те (Астана уақытымен 21:45) басталады.