Боксшы Жәнібек Әлімханұлы: Жарысты асыға күтіп жүрмін

Бүгін ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының астанасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында еліміздің көк туы көтерілді. Бұл салтанатты шараға бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысты. Осы орайда Жәнібек Әлімханұлымен сөйлесіп, жарысқа дайындығын сұрадық.

- Дайындығың қалай?

- Дайындығым жаман емес. Осы Олимпиада деп тынбай тер төктік. Енді соның жемісін жейтін уақыт келді. Жарысты асыға күтіп жүрмін.

- Басты қарсыластарың туралы айтып берсең...

- Бұл Олимпиада! Сондықтан ешкім жеңілем деп келмейді. Сондай-ақ нашар боксшы бұл жарысқа қатыса алмайды. Демек, барлық боксшы менің қарсыласым. Оларды жеке-жеке анау осал, мынау мықты деп айта алмаймын. кімнің кім екенін тек ринг көрсетеді.

- Риоға келгеннен бері климат кері әсер етіп жатқан жоқ па?

- Жоқ, бәрі жақсы. Біз келгелі ауа  райы да жақсы болып тұр. Күн қатты ыстық емес. Таңертең және түстен кейін екі мезгіл жаттығудамыз.

- Жатқан жерлеріңіз жайлы ма?

- Иә, өте тамаша! Таза әрі ретті. Барлық жағдай жасалған. Уақытында демалып, уақытында жаттығу жасап жатырмыз.

- Сіздерге беретін тамақтары қалай?

- Тамақтары да өте жақсы. Бірақ, өзіміздің тамақтай қайдан болсын. Біз өзімізбен бірге, қазы-қарта, қымыз, шұбат, құрт ала келгеміз. Бұның барлығын мұнда тамақтың жоқтығынан емес, өзімізге күш-қуат алу үшін әкелдік. Күнде мына жақтың берген тамағының сыртында өзіміз әкелген тамақтан да жеп тұрамыз.

- Ел-жұртқа Олимпиада алдында қандай сәлем жолдайсың?

- Барлық қазақстандық жанкүйерлерім, мен Сіздердің үміттеріңді ақтауға кеттім. Алла қаласа алғашқы Олимпиадамда Қазақстан қоржынына медаль салам деп отырмын. Сіздер менің тілеуімді тілесеңіздер, мен үміттеріңізді ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Қуанышта жүздесейік.

- Әңгімеңе рахмет.  Тек сәттілік тілейміз!


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"