Астанада оқу-әдістемелік жиындар шеңберінде ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубымен Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылық құрамынан дене даярлығының нормативтерін қабылдау жүргізілді.
Қазақстандық армияның үш жүзден аса әскери бөлім командирі, департамент, бас басқарма, басқарма бастықтарының дене даярлығының деңгейіне баға беру әрбір нормативтегі белгіленген деңгейлерді ескере отырып, дене жаттығуларын орындағаны үшін алған ұпай қорытындысы бойынша айқындалды. Ағымдағы жылдың басынан Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің дене даярлығын ұйымдастыруға негізгі талаптар мен көзқарастар қайта қаралғанын айта кеткен жөн.
Сонымен, тренажерлық залдағы сабақтардың саны екі есеге ұлғайтылып, жас ерекшелігі топтарының шегі кеңейтілді. Бұдан бұрын дене даярлығы сабақтарына тартылатын әскери қызметшілердің барынша жасы 45 жасты құраған болатын.
Қазіргі уақытта барлық жеке құрам тартылған. Бір сөзбен айтқанда, әскери қызметші «сапта» болғанша, жүктелген жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындау үшін ол спортпен шұғылданып, дене сымбатын шынықтыруы тиіс.