Қазақстандық мергендер халықаралық деңгейдегі үздіктердің бірі деп танылды

Қазақстандық мергендер халықаралық деңгейдегі үздіктердің бірі деп танылды

Беларусь Республикасының Брест қаласында Армия халықаралық ойындары аясында өтіп жатқан «Мерген шебі» конкурсы өз мәресіне жетті. Қазақстандық мергендер ойын қорытындысымен үшінші орынды иеленді, ал бірінші орын – конкурс қожайындарының еншісінде, екінші орын – Ресейліктерде.

Аталған «Мерген шебі» конкурсы үш кезеңде өтті: жеке сынақ, жұптық сынақ және мергендер эстафетасы. Жеке сынақ кезінде мергендер күндізгі және түнгі уақытта мерген мылтығымен нысананы атуды жүргізді. Түрлі шептерге алты мәрте нысаналар қойылды. Осы нысаналарды мергендер 30 секундта бағдарлап, нысананы дәл атып түсіру керек болды. «Жұптық сынақта» қатысушылар бірге жарысқа шықты. Аталған кезеңде барынша дайындалған мерген жұптары белгіленді. Егер бірінші кезеңге 21 команда қатысқан болса, ал екінші кезеңге солардың тек 8-і ғана өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның, Ресейдің, Беларустың, Қытайдың, Өзбекстанның, Әзербайжанның, Въетнамның және Иранның мергендері. Конкурстың финалында мықты деп танылған Ресей, Беларусь пен Қытайдың мергендері сайысты. Мергендер эстафетасында қатысушылар граната лақтыру мен атыс шебінде атуды орындай отырып кедергі жолақтарын игеруді көрсетті.

Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан
Источник: https://mod.gov.kz/kaz/press-centr/novosti/?cid=0&rid=6217
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи