Қазақстандық барлаушылар Новосібір қаласында басталған Халықаралық армия ойындарына қатысуда

Қазақстандық барлаушылар Новосібір қаласында басталған Халықаралық армия ойындарына қатысуда

Сібір орталығы болып саналатын, Новосібір қаласында «Әскери барлау үздіктері» конкурсының салтанатты ашылу іс-шарасы өткізілді. Аталмыш додадаға айбынды жауынгерлерімізбен қатар, үш құрлықтың жеті мемлекеті қатысуда.

Жарысты ұйымдастырушылар жағы доданы бастамай жатып, жаттығу сағаттарымен қатар, түрлі мәдени-сауықтыру іс-шараларын қарастырып қойған екен. Салтанатты ашылу іс-шарасы өтетін күні Новосібір жоғары әскери командалық училищесінің аумағында шыршалар отырғызылып, барлаушылар достастығы аллеясы ашылды.
Конкурстың салтанатты ашылуы Новосібір қаласының Орталық саябағында өтті. Іс-шара қала деңгейінде керемет ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар түрлі елдердің сарбаздарын қошеметпен қарсы алды. Келушілер әскери оқу орнының қару-жарақтары мен әскери техникасын тамашалап, қызықты концерттік бағдарламаның куәгері бола алды. Көрермендердің қатарында қаракөз бауырластарымыз да табылды. Жергілікті «Отан» қазақ мәдени орталығы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің мүшелері тарихи Отанының жауынгерлерін жылы қарсы алып, ұйым төрайымы Орынкүл Настаушева жарыс алдында сарбаздарға ақ батасын берді. Жергілікті диаспора өкілдері жарыстың өтетін аймағы «Кольцово» полигонына келіп, қолдау көрсететіндіктерін айтты. Естеріңізге салатын болсақ, «Әскери барлау үздіктері» конкурсы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Новосібір қаласының маңында өтетін болады. Ауыспалы кубок үшін Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Судан, Армения және Зимбабве мемлкеттерінің барлаушылары сынға түседі. Сонымен қоса, жарыс нәтижесі бойынша ең мықты, қайсар жауынгерге «Үздік барлаушы» белгісі беріледі.

                                                                                                                                                                                           «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
                                                                                                                                                                                            Басқармасының баспасөз                                                                                                                                                                                                            қызметі капитан Рүстем Игісінов



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"