Қазақстан спорттың 9 түрінен қатысады

Қазақстан спорттың 9 түрінен қатысады

Қазақстан Пхенчхан қаласында өтетін 23-ші қысқы Олимпиада ойындарына спорттың 9 түрінен қатысатын болады. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы 9 ақпанда Корея Республикасының Пхенчхан қаласында басталатын 23-ші қысқы Олимпиада ойындарының ашылуына 86 күн қалды. Өздеріңізге белгілі, 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада  ойындары әлемдік спорттың ең биік шыңы. 2017 жылғы Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде өткізуден және онда сапалы өнер көрсетуден кейінгі министрліктің маңызды мәселесі Пхенчхан қаласында 2018 жылы өтетін Олимпиада ойындарына спортшылардың лицензиялық жарыстарда сапалы өнер көрсетуін және жақсы функционалдық  жай-күйінің болуын қамтамасыз ету болып табылады», - деді министр.
Оның дерегінше, Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына әлемнің 80-нен астам елінен 5 мыңнан аса спортшының және ресми тұлғалардың қатысуы жоспарланған. Олимпиадада спорттың 15 түрі бойынша 102  медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның спорттық делегациясы 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Олар биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаиль, акробатика могул жарыстары. «Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына жеке команда ретінде тұңғыш рет 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өнер көрсеткені баршамызға мәлім. Тәуелсіздік жылдарында ұлттық құрама команда 7 Олимпиада медалін жеңіп алды.  Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП