ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Оралда дзюдошылардың халықаралық турнирі өтті

Оралда Кеңес Одағының батыры, қазақтың даңқты қызы Мәншүк Мәметованы еске түсіруге арналған дзюдошылардың халықаралық турнирі өтті.

Ерлер арасындағы бәсекелердің шиеленісті өткені соншалық, бірде-бір команда өкілдері бірден артық алтынға қол жеткізе алмады. Атап айтсақ, 60 келі салмақта атыраулық Азамат Жексембаев жарыс жеңімпазы атанды.

Финалда ол татами қожайыны Бақытжан Аманкелдіден айласын асырды. 66 келі салмақта маңғыстаулық Әмірбек Жеңісов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Шешуші тұста ол Атыраудан келген Ержан Теміржановқа тізе бүктірді. 73 келі салмақ дәрежесінде Батыс Қазақстан облысының өкілі Аңсарбек Ғайнуллин бас жүлдені олжалады. Ақтық айқаста жергілікті балуан шымкенттік Ерғали Қцандықты қапы қалдырды. 81 келі салмақта Алматы облысының өрені Диас Серікке тең келер ешкім табылмаса, 90 келі салмақта қостанайлық Алмас Жұмағали жеңіске жетті. 100 келі салмақта Ресей дзюдошысы Мақсуд Ибрагимов топ жарды. Финалдық сайыста ол өскемендік Жасұлан Мұхамедхановтан басым түсті. Алыптардың айқасы алматылық Ертуған Бақыткелдіұлының басымдығымен аяқталды. Ақтық сында қандасымыз Грузия спортшысы Жаба Мумладезге сан соқтырды.

Әйелдер арасында Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарынан келген арулар екі реттен алтыннан алқа тағынды. Олар – Улдана Сайыл (48 келі) мен Перизат Жакыпбекова (78 келі) және Айкүнім Түйтекова (52 келі) мен Аэлита Щербакова (70 келі). Өзге салмақ дәрежелерін бойынша мына балуандар жеңімпаз атанды: 57 келі –  Әйгерім Әбілқадырова (Астана), 63 келі – Назгүл Қубашева (Атырау) және +78 келі –  Қымбат Тұршабек (Қызылорда).


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?