Курсанттар бақ сынады

Курсанттар бақ сынады

Қазақстанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әскери жоғары оқу орындарының курсанттары арасында алғашқы әскери-спорттық ойындар өз мәресіне жетті.

Нақтырақ айтқанда, Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттері жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасында алғашқы әскери-спорттық ойындардың салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Қазақстан әскери ЖОО-лардың курсанттары әскери-спорттық ойындардың қорытындысы бойынша 13 медаль, оның ішінде, 5 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Рәсім аясында мерекелік концерт өтті. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатқа ие болды. «Курсанттар арасындағы әскери-спорттық ойындар ТМД-да алғаш рет өткізіліп отыр. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшылығы дене дайындығы және спорт саласында Достастық мемлекеттерінің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жіті назар аударатындығы көңіл көншітеді. Себебі, ойынның басты мақсаты әскерилер арасында бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, олардың дене дайындығы мен моральдық-психологиялық тұрақтылығын арттыру болып табылады. Қазақстанда өткен ойындар жоғары деңгейде өтті», - деді өзінің сөзінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің өкілі полковник Виталий Чувилев. Халықаралық жарыс бағдарламасына бес әскери-қолданбалы және ойын түрлері: армиялық қоян-қолтық ұрыс, шағын футбол, спорттық бағдарлау, әскерилендірілген кросс және пневматикалық винтовкадан оқ ату кіргенін естеріңізге сала кетейік.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи