ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Елді еліктірген универсиада

Елді еліктірген универсиада

Дүниені дүбірлеткен дода да осы аптаның сәрсенбісінде тамам болды. Алматыда өткен Универсиада-2017 ойындары еліміздің абыройын тағы асқақтатты. Есте қалған елеулі оқиғалар мен ерекше сәттер осылайша тарихтың бетінде тағы қатталды.

Салтанатты ашылуы

 

Қаңтардың 26-сы күні «Алматы Арена» мұз сарайында XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада салтанатты ашылды. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Салтанатты шара қазақстандық көрермен ғана емес, шетелдік қонақтардың да назарына шықты. Ашылуында көрсетілген қойылымдар мен салт-дәстүріміздің кеңінен таныстырылуы ерекше оқиға ретінде есте қалары сөзсіз. Қазіргі уақытта танымал бола бастаған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің сахнаға шығуы өнер сүйер қауымды ынтықтыра түсті.

 

Алғашқы алтын иесі – Алина

 

Иә, Универсиадада Қазақстан құрамасына бірінші алтынды жарыстың үшінші күні, 31 қаңтарда ҚМ АОСК әскери қызметшісі, биатлоншы Алина Райкова алып бергенін бұған дейін сүйіншілеп жазғанбыз. Кіші сержант 15 шақырымдық жекелей сында 59 минут 48 секунд уақытпен Универсиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Қазақтың спорт және туризм академиясының студенті екі жыл бұрын Словакиядағы Универсиаданың да жеңімпазы атанған болатын. себебеі ол Спортшы ең басты мақсаты - өзін жеңу болғанын және сол мақсатына жеткенін айтып, үлгі көрсетті.  

 

Күміс жүлдегерлер атанды

 

Қазақстан құрамасының қоржынындағы күміс жүлделерді ҚР ҚМ АОСК биатлоншы – спортшылары Дарья Усанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов аралас құрама команда сапында сайысып, Қазақстанға «күміс» жүлде әпергенін айта кеткен абзал. Сондай-ақ, 7,5 шақырымға төртінші командалық эстафетадан шаңғышы, ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы Сергей Малышев та оған үлес қосты. Арман болған алтын медальға қазақстандық команданың тек 1,8 секунды жетпей қалды.

 «Еліміз үшін күміс жүлдені жеңіп алуға туған жердің топырағы көмектескен сияқты. Барлық бағдарлама түрлерінен жоғары нәтиже көрсету бұйырмағанымен, бүгін командалық рух пен құрама команданың қоржынына медаль алып беру деген ниеттің арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік», - дейді ҚР ҚМ АОСК шаңғышысы Сергей Малышев. Қазақстан құрамасы үшін бұл Универсиада-2017 барысында иеленген 25-ші медаль. Ал, Универсиаданың соңғы күні қазақстандық шаңғышы Сергей Малышев 30 километрлік масс-старт жарысында қола медаль алды.

 

Хоккейшілер де күмісті қанағат тұтты

 

ХХVIII қысқы Универсиада ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы күміс жүлдені қанағат тұтты. Финалда жерлестеріміз ресейлік спортшылармен бақ сынасып, 1:0 есебімен ұтылып қалды. Осылайша ресейлік хоккейшілер 28-қысқы Универсиада ойындарының чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, спорттың бұл түрінен Универсиаданың қола жүлдесін құрлықтың арғы бетінен келген канадалық спортшылар қанжығасына байлаған болатын.

 

Сайыс рекордшылары

 

 Қазақстан құрама сапындағы могулшы Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд Алматыдағы Универсиадада екі дүркін алтын медаль иегері атанды. Сонымен қатар, биатлоншы Галина Вишневская да екі алтынды жеңіп алды. Наградалар саны бойынша шаңғышы қызымыз Анна Шевченко көш бастады. Ол алтын, күміс, қоладан - жалпы саны 5 медаль жеңіп алып, мерейі артты.

 

Қазақстан – екінші орында

Қазақстан құрамасының медаль саны бойынша екінші орынға көтерілгенін мақтанышпен атап айтты. Бұған дейін Қазақстан құрамасын ойындар қорытындысы бойынша ешқашан екінші орыннан көрінбегенін айта кетейік. Олай болса, елімізде өткен студенттер сайысы Қазақстанның абыройын тағы да үстем етті. Жалпы  Қазақстан спортшыларының қоржынында 11 алтын, 8 күміс, 17 қола - барлығы 36 медаль бар.  Бұл Универсиада ойындарының тарихындағы Қазақстан құрамасының үздік нәтижесі.

Айта кетейік, 29 алтын, 27 күміс, 15 қола медальмен солтүстіктегі көршіміз Ресей жалпы есепте көш бастады. Ал үштікті Оңтүстік Кореядан келген спортшылар түйіндеді. Олардың еншісінде 11 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль бар. Алтын медальға 15 елдің спортшылары қол жеткізсе, күміс медальға 23 мемлекетке бұйырды. Армения мен Норвегия бір-бір қола медальдан иеленіп, 25-26-орындарды өзара бөлісті. Ал, 31 мемлекет бірде-бір жүлдеге іліге алмай елдеріне құралақан қайтты.

 

Сәрсенбіде жабылды

Сәрсенбіде Универсиада – 2017 ойындары салтанатты жағдайда жабылды. Қысқы Универсиаданың жабылу рәсімінде Қазіқстанның Үкімет басшысы  Бақытжан Сағынтаев сөз сөйлеп, Универсиада  «Қазақстанды әлеммен, әлемді Қазақстанмен табыстырды», деді.

«Ұлы дала құпиясы» деген атпен ашылған музыкалық қойылымның жұртшылыққа әсері өте шексіз болды. 

Өз кезегінде  Алматы қаласының әкімі FISU байрағын 29 -Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындары өтетін Ресейдің Красноярск қаласының мэрі Эдхам Акбулатовқа табыстады. Красноярск өлкесінің музыкалық таныстырылымынан соң,  28-қысқы Универсиаданың алауын сөндіру рәсімі өтті. Одан кейін әнші Әли Оқапов пен Дастан Оразбеков сахнада «Алау  әнін орындады. Шара соңы Қазақстан эстрада жұлдыздары концерттік бағдарламасын аяқталды


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"