«Дельфиндегі» жастар біріншілігі

«Дельфиндегі» жастар біріншілігі

Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Дельфин» олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар жасөспірімдер  спорт мектебінің базасында  9 бен 16 жас аралығында және одан кіші жас топтары арасында ашық облыстық біріншілік өткізді.

 Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Д.Толыбай ашылу рәсімінде сайыс қатысушыларына адал күрес пен жеңіс тұғырын тіледі.

Сайыста барлығы 16 жиынтық медаль ойнатылды. Жас жүзушілер 100 және 200 метр (кешенді жүзу), 50 метр (белде және кроль) қашықтыққа бақ сынасты. Екі күн бойы өткен сайыс қорытындысы бойынша мықтылар анықталды.  200 м қашықтыққа (кешенді жүзу) өздерінің жас ерекшелігі тобында Мансұр Ескендіров,  Дмитрий Курдыбайло, Карина Пшембаева, Мирослава Пригоженко, Дарья Рудик, Дмитрий Турукин жеңімпаз атанды.  100 метр (кешенді жүзу) қашықтығын  Михаил Клишин мен Яна Лукьянчикова басқаларына қарағанда жылдамырақ жүзіп өтті. Белде 50 метр қашықтыққа Димаш Ыбыраев пен Ангелина Джигкаева үздік нәтиже көрсетті. Дәл осы қашықтықты крольмен Александр Саранча мен Ангелина Шевченко жылдамырақ жүзіп өтті.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи