«Айбын» әскери-патриоттық жиынының жеңімпаздары анықталды

«Айбын» әскери-патриоттық жиынының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында Елорданың 20 жылдығына арналған «Айбын» төртінші республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Іс-шараға  «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының жетекшісі, «Жас сарбаз» әскери-патриоттыө қоғамдық қозғалысы республикалық штабының төрағасы, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор М. Таласов, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері және шақырылған қонақтар қатысты. «Біз баршамыз командалардың іс-қимылын жіті қадағалап отырдық. Сіздер сайысқа белсене атсалыстыңыздар, әскери іспен, Қарулы Күштердің тарихымен етене жақын болдыңыздар, өздеріңіздің жетістіктеріңізді, білімдеріңіз бен шеберліктеріңізді паш еттіңіздер, жаңа достар таптыңыздар, сайыста мықтылықтарыңызды сынап көрдіңіздер. Осы жиында біз елімізде бірыңғай диалогты алаң және барлық әскери-патриоттық жұмыстың орталығына айналған «Жас сарбаз» республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысын құру жөнінде іргетасын қаладық. Сіздерді алған жүлделі орындарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге тың жеңістер тілейміз», - деді генерал-майор М. Таласов қатысушылардың алдында сөз сөйлеу барысында. Жиын қорытындысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында бірінші орынды Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің командасы, екінші орынды Ш. Уәлиханов атындағы ер балаларға арналған «Жас ұлан» мамандандырылған мектебі (Семей) және үшіші орынды С, Рақымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Шымкент) жеңіп алды. ҚР Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының әскери-патриоттық клубтары арасында  «Шығыс» әскери-патриоттық клубы бірінші орынды, «Жас қыран» әскери-патриоттық клубының командасы (Отар) екінші орынды және «Жас десантшы» (Сарыөзек) әскери-патриоттық клубы үшінші орынды еншіледі. Өңірлердің әскери-патриоттық клубтары арасында «Қайсар» (Павлодар) командасы бірінші орынды, «Жігер» (БҚО) екінші орынды және «Жас бүркіт» (Астана) үшінші орынды қанжығалады. «Айбыны асқақ жас сарбаз» жүлдесі Бекзатхан Қалмырзаевқа («Қызылорда айбындары» ӘПК) табыс етілді. «Қайсар» (Павлодар» әскери-патриоттық клубы бас жүлде иегері атанды. Жалпы командалық және жеке есептердегі сайы жеңімпаздарына грамоталар, медальдар, кубоктар табыс етілді. Әскери-патриоттық жиынның барлық қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылы жиынның бағдарламасына қатысушылардың «Ұлы дала әскері – «Мәңгілік Ел» тірегі!» Қарулы Күштер түрлерінің өкілдерімен кездесуі, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, робот техникасы бойынша «Менің роботым» байқауы, «Айбын жалыны» алауының маңындағы қызыққа толы кеш, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздарымен кездесу, сондай-ақ «Айбын дауысы» мега арт-фестивалі енгізілді. Спорттың әскери-қолданбалы түрлері мен жауынгерлік даярлық пәндері бойынша көптеген әскери-қолданбалы сайыстар бағдарламада ерекше орынға ие болып отыр. Сонымен қатар жиын шеңберінде «Айбын достық мекені» саяжолының ашылуы өтті.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"