Астанада аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпустың қатысуымен спорттық іс-шара өтті

Астанада аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпустың қатысуымен спорттық іс-шара өтті

«Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және еліміздің шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында спорттық іс-шара өтті.

Шараға 10-нан аса елдің әскери атташесі, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты. Аталмыш спорттық іс-шара Қазақстан Республикасында аккредиттелген Қорғаныс министрлігінің әскери-дипломатиялық корпуспен жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Аяқталысымен ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті және әскери атташе «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне естелік сыйлықтар табыс етті.
«Әскери атташе мен Қазақстан Қорғаныс министрлігінің командалары арасындағы спорттық ойындар игі дәстүрге айналды. Біз «Жас ұлан» республикалық мектебінің аталмыш спорттық нысанын пайдалануға мүмкіндік берілгені үшін алғыс білдіреміз. Әрине, спортпен шұғылдану қызмет бойынша тікелей міндеттерімізді есептемегенде, өміріміздегі маңызды сәт болып табылады. Бұл физикалық денсаулықты нығайту ғана емес, сонымен бірге, ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Болашақта отбасыларымызбен кездесіп, осы іспетті шараны өткізу үшін осындай керемет спорттық нысанды пайдалану мүмкіндігі беріледі деп үміттенемін», - деп Германия Федеративтік Республикасының елшілігі жанындағы қорғаныс істері жөніндегі әскери атташе полковник Свен Хильгефорд атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?