Армиялық қоян- қолтық ұрыстан чемпионат жеңімпаздары анықталды

Армиялық қоян- қолтық ұрыстан чемпионат жеңімпаздары анықталды

Алматыда Армия орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығының базасында әскери қызметшілер арасында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті.

Турнирге әскер түрлері мен тектерінен, өңірлік қолбасшылықтардан және жоғары әскери оқу орындарынан 20 команда қатысты. ҚР ҚК әскери қызметшілерінің арасындағы әскери қоян-қолтық ұрыстан шешуші жекпе-жектің салтанатты рәсімін Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс ассоциациясының төрағасы, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ашты. Сонымен қатар іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және Қазақстанның армиялық қоян-қолтық ұрыс  федерациясының төрағасы, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Бектанов қатысты.  «Елбасының арқасында  елімізде спортқа үлкен мән беріледі. Спорттық белсенділік физикалық күш пен денсаулықты ғана емес, табандылықты, табысқа жетуді, жоғары адамгершілік және рухани қасиеттерді қалыптастырады. Бүгін біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ІХ ашық чемпионатының шешуші жекпе-жегін өткіземіз. Осы чемпионат армиялық және жалпы қоян-қолтық ұрысты дамытуда ерекше маңызға ие. Оған 200-ге жуық әскери қызметші, оның ішінде, халықаралық дәрежедегі 10-нан астам спорт шебері, ондаған үміткер және қоян-қолтық ұрыстан бірінші дәреже иегерлері қатысады. Бұл чемпионат болашақта үлкен жарыстар қарсаңындағы жаттығу болып табылады. Осы жылы Санкт-Петерборда қоян-қолтық ұрыстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін әлем чемпионаты өтеді. Баршаларыңызға тәжірибе жинақтай отырып, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін» - деді қорғаныс ведомствосының басшысы. Үш күн ішінде көрермендер кейбір жекпе-жектердің уақытынан бұрын жеңіспен аяқталып отырғанына қарамастан, жауынгерлердің дайындық сапасы мен жекпе-жектердің әсерліктеріне тәнті болды. Жарыс нәтижесіне сәйкес жеке сынақта үздік атанғандар: 60 кг дейінгі салмақта – сержант Арнат Нәметов («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы), 65 кг дейінгі салмақта – қатардағы жауынгер Думан Қабылқаев («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы), 70 кг дейінгі салмақта – аға лейтенант Вадим Федосеев («Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы), 75 кг дейінгі салмақта – аға лейтенант Абылай Табанов («Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы), 80 кг дейінгі салмақта – ефрейтор Әсет Қажымұқан (Десанттық-шабуылдау әскерлері), 85 кг дейінгі салмақта – сержант Жанболат Рагчаұлы (Десанттық-шабуылдау әскерлері), 85 кг жоғары салмақта – 5 курс курсанты Жәнібек Жұмабеков (Құрлық әскерлерінің Әскери институты). Армиялық қоян-қолтық ұрыс – шынайы жауынгерлік қызметте  сынамадан өткен, жекпе-жектің әлемдік түрлерінің  арсеналынан көптеген функционалдық элементтерді тоғыстырған қорғау мен шабуыл жасаудың айла-тәсілдеріне оқытудың  әмбебап жүйесі болып табылатынын айта кету қажет. Толық байланысқа түсетін жекпе-жектерде танымал болған жауынгерлік жекпе-жектің заманауи және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Онда, жауынгерлер әскери киімде және броньды кеудешеде өнер көрсетеді. Бұның барлығы ең алдымен, әскери қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауларына барынша дайындауға бағытталған.

Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан
Источник: https://www.mod.gov.kz/kaz/press-centr/novosti/?cid=0&rid=5438
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи