Армиялық боксшы Джакартада Қазақстанның туын желбіретеді

Армиялық боксшы Джакартада Қазақстанның туын желбіретеді

АОСК-ның спортшысы Әбілхан Аманқұл тамыздың 18-і мен қыркүйектің 2-і аралығында Индонезияда өтетін алдағы Азия ойындары - 2018 додасының ашылу рәсімінде Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы болу құқығына ие болды.

Әбілхан Аманқұл ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының бокстан штаттық командасының спортшысы, бокстан Қазақстан ұлтттық құрама командасының мүшесі, ҚР спорт шебері, 2017 жылғы әлем чемпионатының (Гамбург, Германия) күміс жүлдегері болып табылады.  Бірқатар жасөсіпірімдер турнирлерінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионы (2016 ж.), Галледегі, Германия (2017 ж.) халықаралық турнирдің чемпионы, Азия (2017 ж.) чемпионатының қола жүлдегері. «Әлбетте, кез келген спортшы үшін мен үшін бұл үлкен құрмет. Азия ойындарының ашылу рәсімінде маған Қазақстанның туын алып жүру құрметі берілгені үшін мақтан етемін. Сайыс кезінде құрамамыздың спортшыларының жеңісі құрметіне туымыз бірнеше мәрте көкке желбірейді деп үміттенемін. Барлығымыз бұл додаға бұрыннан бері дайындалып келеміз, үздік нәтиже көрсетуге дәмеліміз және барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантқымыз келеді», - дейді армиялық боксшы.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"