Армия спортшысы Сербияда өткен бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Жарыстың 1/16 финалында Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшы-нұсқаушысы, Токиода өткен Олимпиада-2020 қола жүлдегері, 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ефрейтор Сәкен Бибосынов Өзбекстан атынан шыққан 2016 жылғы олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты ойсырата ұтты.

Жекпе-жек төрешілердің бір жақты 5:00 шешімімен аяқталды.
Ширек финалда ел әскерінің боксшысы қырғызстандық Азат Үсенәлиевпен кездеседі.
Бокстан әлемнің 21-ші чемпионаты Белград қаласында (Сербия) өтуде. Оған әлемнің 100-ден астам елінен 650-ден аса спортшы қатысуда.
Жарыста Қазақстан мен еліміздің Қарулы Күштері атынан Орталық спорт клубы бокс бойынша штаттық команданың спортшылары жарысқа түсетін болады. Олардың арасында Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері кіші сержант Сәкен Бибосынов, Бүкіләлемдік әскери ойындардың екі дүркін жеңімпазы, Бүкіләлемдік бокс сериясының екі дүркін чемпионы, 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының вице-чемпионы Асланбек Шымбергенов, 2019 жылғы Бүкіләлемдік әскери ойындарының жеңімпазы, әскери қызметшілер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов және жастар арасындағы үш дүркін Азия чемпионы, ОСК мерзімді қызмет әскери қызметшісі Махмұд Сабырхан бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"