Әскерилер шаршы алаңда

Әскерилер шаршы алаңда

Жуырда Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының кезекті бесінші бокс чемпионаты өтті. Оған қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдерден іріктелген әскери бокс майталмандары қатысты.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Асан Жүсіпов бокс чемпионатын ашып беріп, боксшыларға алдағы сайыста сәттілік тіледі. Сонымен қатар аталған жарысқа Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ермекбай Дүкенбай да қатысып, сөз сөйледі.
Жалпы жарысқа 8 команда қатысты. Олар – Тараздағы 85395, 63563 әскери бөлімдері, Шымкенттегі 35748 әскери бөлімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейск қалашығындағы 21450, 82796, 75263 әскери бөлімдері, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы 03811 әскери бөлімі, ОҚО Арыс қаласындағы 16752 әскери бөлімі.
Ұлттық дәрежедегі төреші Аманбай Әжібаев жарыстың бас төрелігін айтты. Бокстың есте қалар қызықты сәті Қарулы Күштердің бокс чемпионатының екі дүркін чемпионы, 69 келі салмақтағы капитан А.Исаев (03811 ә/б) пен аға лейтенант Д.Тайсенгировтың (85395 ә/б) сайысы болды. Жанкүйерлердің қолдауына ие болған бұл жекпе-жекте аз басымдықпен А.Исаев жеңіске жетті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бесінші бокс чемпионатының «Үздік боксшысы» номинациясына ефрейтор М.Нуртулла (56 келі, 35748 ә/б) ие болды. Ал, жалпы командалық есепте бірінші орынға 35748 әскери бөлімі (Шымкент қаласы) командасы қол жеткізді.
Достастық жеңген бұл тартысты сайыс алдағы жарыстарда боксшыларымызға сабақ боларына сеніміміз мол.
Мұхит ҚОНАРОВ

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК