Әскери қызметшілердің балалары арасында тұңғыш рет «Жас әскер барысы» турнирі өтті

«Жас әскер барысы» турнирін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы ұйымдастырып отыр. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен елуден астам бала қатысып, сегіз салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.


Ең жас балуандар арасында 26 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асылжан Жамбылов және 32 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Апақ Шамсидин жеңімпаз атанды. 36 және 42 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде Айжарық Нұрсерік пен Омарбай Ерасыл жеңіс тұғырынан көрінді. 
48 және 50 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде Асқар Жәлелов пен Арсен Серікбай топ жарса, 55 келілік абсолюттік салмақ дәрежесінде Нүркен Рахманқұл чемпион атанды. 
«Биыл біз әскери қызметшілердің балалары арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша жоспарлы жұмыстарды бастадық. Қазіргі таңда сегіз гарнизонда спорттың әр түрі бойынша тегін секциялар ашылды. Бүгінгі жарысты жаттықтырушылар жұмысының қорытындысы деуге болады. Секциялар жұмысының басты мақсаттарының бірі – Армия орталық спорт клубының әлеуетті кадрлық резервін қалыптастыру. Осы балалар күні ертең Олга Рыпакова, Анатолий Храпатый, Серік Сәпиев, Дәулет Тұрлыханов, Еламан Ерғалиев және басқа даңқты спортшылардың орнын басатыны анық, дейді Спорт комитетінің төрағасы полковник Расул Мейірманов.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"