Армиялық спортшылар арасында үздік былғары қолғап шебері анықталды

ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің 61993 әскери бөлімінің базасында бокстан 7-ші чемпионаттың ақтық жекпе-жегі болып өтті. 56 мен 91 кг және одан жоғары 8 салмақтағы 80 армияшы спортшыларының ішінен ең мықтылары үздік былғары қолғап шебері деген атақ үшін күресті.

Олардың шеберліктеріне баға беруші – жоғары санатты төрешілер. Сонымен, төрешілердің  шешімімен жалпыкомандалық есепте 61993 әскери бөлімінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды 32363 әскери бөлімінің жауынгерлері қанжығаларына байласа, үшінші орын 18404 әскери бөлімінің боксшыларына бұйырды.

Айта кетейік, Қазақстан Қарулы Күштерінің дәрежелі спортшылары турнирдің қадірменді қонақтары болды. Олардың ішінде, әскери қызметшілер арасындағы 2015 жылдың әлем чемпиондары Елдос Сартқұлов пен Асланбек Шымбергенов және әскери қызметшілер арасындағы 2014-2015 жылдардағы чемпионат жүлдегері Қамшыбек Күнқабаев.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"