Бекзат туралы фильм жарыққа шығады

 Бекзат туралы фильм жарыққа шығады

2019 жылы марқұм болған белгілі боксшы Бекзат Саттарханов туралы ғұмырналық телесериал жарық көреді. Бұл туралы «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек ҚазАқпаратқа берген сұхбатында мәлім етті.

Бүгінде «Хабар» агенттігі боксқа қатысты бірнеше авторлық жобаларды түсіруді қолға алуда. Атап айтсақ, Олимпиада чемпионы, біздің мақтанышымыз Бекзат Саттарханов туралы ғұмырнамалық толықметражды фильм түсіруге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, жуырда еліміздің бокс федерациясының 85 жылдығына арналған деректі фильмді көрсетеміз. Одан бөлек, АҚШ-та жүріп отанымыздың намысын қорғап жүрген боксшылар туралы деректі туынды жасау да жоспарда бар», - деді «Хабар» телеарнасының бас продюсері Айдос Тұрысбек.

  Бас продюсер аталған жобаларды түсіру телеарна көрермендері алдындағы үлкен жауапкершілік екендігін айттты.

«Саттархановқа қатысты жоба екі тілде түсіріледі. Онда боксшының өмірбаяны мен үлкен спорттағы жеткен жетістіктері туралы баяндалады. Алдымен 5 бөлімнен тұратын сериал ретінде түсіру жоспарлануда, одан бөлек ғұмырнамалық толық метражды фильм түсіріледі. Бүгінде телетуындыны түсіруге дайындық яғни, боксшының ата-анасымен және бапкерлерімен келіссөз жұмыстары жүріп жатыр.

Фильмді танымал режиссер Мұрат Бидосов түсіреді және ол өз көрермендеріне 2019 жылы жол тартады», - деді ол.

Сонымен қатар, телеарна продюсері фильмді түсіруге еліміздің танымал боксшылары кеңесші ретінде тартылатынын және оның негізгі бөлімі спортшының туған жері Түркістанда түсірілетінін айтты.    




Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи