Вьетнамдықтар елімізде жасалған Т-72 танкісін пайдаланбақ

Қазақстандық компания мен вьетнамдық өкілдер әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Шетелдік делегация назарына Ми-17 тік-ұшағы мен КамАЗ автокөлігінің жүргізушісін жаттықтыруға арналған және нысананы дәл көздеуге үйрететін ату-жаттығу құрылғысы ұсынылды. 1958 жылы іргетасы қаланған зауыт алғашқы кездері электр құралдарын шығарса, 1998 жылдан бері оқу-жаттығу құралдарын жасауды қолға алды. Қазір бұл тауарларға Египет, БАӘ, Ливия, Пәкістан, Бангладеш, Моңғолия елдері қызығушылық танытып отыр. 2013 жылы зауыт Ресейге оқ атуға жаттықтыратын 2 құрылғы жеткізген.

Ал биыл БАӘ мен Бангладеш Республикасына 1 миллион доллардан аса қаржыға танкі тренажерлары экспортталмақ. Жоғары технологиялы өнімдерді отандық инженер-конструкторлар мен IT мамандар жасаған. Вьетнамдықтар осымен екінші рет зауыт өнімін алуға шарт жасасып отыр.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"