Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Елордада Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігі жөнінде конференция өтті. Конференцияның негізгі тақырыбы адами фактор мен оның авиациялық жүйенің жұмыс жасауына ықпал етуін талқылау болды.

Қатысушылар ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы анағұрлым көкейкесті келелі мәселелерді, сондай-ақ авиациялық жүйенің жұмыс жасауының жоғары беріктілігіне қол жеткізу жолдарын талқыға салды. Конференция жұмысына Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының басшылық құрамы, авиациялық бөлімдер мен базалардың қолбасшылығы, сондай-ақ «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-ның өкілдері қатысты.

Талқылау нәтижелері бойынша қатысушылар бірқатар бағдарламалық шешімдерді қабылдады, ұшулар қауіпсіздігінің жай-күйін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірледі. «Бүгінгі таңда ұшулар қауіпсіздігі бойынша конференцияның мақсаты ұшуларды ұйымдастыру, жүзеге асыру, басқару және қамтамасыз ету кезінде жеке құрамның бұзушылықтарымен (олқылықтарымен) байланысты проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу болып табылады. Таяу жылдары мемлекеттік авиацияда апаттылықты төмендету мен еліміздің авиациялық жүйесінің жұмыс жасауының беріктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда», - деп ҚР Мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы полковник Қайрат Баймаханов өзінің сөз сөйлеуінде атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-ның өкілдері «Falcon Eye» бейнебақылау жүйесінің көрсетілімін өткізді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"