Ұлы Отан соғысына қатысқан адамның мүрдесі қайта жерленді

Ұлы Отан соғысына қатысқан адамның мүрдесі қайта жерленді

Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы Ұлы отан соғысына қатысқан кіші сержант Айып Рамазановты қайта жерлеу рәсіміне қатысты.

Украина жерінде Ұлы отан соғысы жылдарында қаза болған кеңес заманындағы әскери қызметшінің мүрдесі табылды. 2017 жылғы қазанда кіші сержанттың сүйегін Ұлттық қауіпсіздік қызметі Академиясының курсанттары Березань қаласының маңында Киев облысының Украина қаласында тауып алған болатын. Мүрдемен бірге медальон және фурнитура табылды. Кіші сержант Айып Рамазанов Солтүстік Қазақстан облысы, Пресновск ауданының тумасы болып келеді. 1939 жылы Айып Рамазанов Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылдың қаңтарында із-түзсіз жоғалып кетті. Ағымдағы жылғы желтоқсанда Киев қаласындағы Офицерлер үйінде қазақстандық тарапқа қаза болған жауынгердің мүрдесін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
16 желтоқсанда Астанада ұшақты әскерилер ғана емес, сонымен бірге, Ақтау қаласында тұратын батырдың немересі Бауыржан Мұстафин күтіп алды. Көптеген жылдар бойы отбасы Айып Рамазановтың тағдырынан бейхабар болды. «Киевте батыр деген атақпен мерт болған жерлесіміз Айып Рамазановты соңғы сапарға шығарып салып жатырмыз. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, батырдың сүйегі оның туған өлкесі, тарихи Отанына әкелінді. Уақыт хабар-ошарсыз кеткен батырларды жадымыздан әсте шығармауы тиіс екенін атап өткім келеді. Ұлы батыр Айып Рамазанов туралы естелік мәңгі жүрегімізде сақталады», - деп СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қайрат Ысқақов атап өтті.
Салтанатты митингте қатысушыларға айып Рамазановтың мүрдесін Қазақстанның елшісіне тапсырылуы туралы Киевтен бейнеүзік көрсетілді. Сөз сөйлеуі барысында Украина Қауіпсіздік қызметінің төрағасы Василий Грицак Украинаны босату үшін шайқасқа түскен қазақ жауынгерінің қайсарлығын атап өтті. Қайта жерлеу қаза тұту рәсіміне Айып Рамазановтың туысқандары, Мәмлүт ауданы әкімінің орынбасары Алмагүл Рамазанова, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қайрат Ысқақов, «Нүр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Абай Қошанов, Мәмлүт ауданының жергілікті атқару органдары қатысты. Қайта жерлеу рәсімі әскери сый-құрмет көрсету жоралғысымен Ленин ауылының орталық зиратында өтті.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства