Ұлттық қауіпсіздік ахуалы талқыланды

Ұлттық қауіпсіздік ахуалы талқыланды

Сейсенбі күні ҚР Президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Жиын барысында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.

– Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бар. Осыған байланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында еліміздің Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев Қарулы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайындығының және өткізілген оқу-жаттығулардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және қорғаныс өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Басқосу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи