Ұлттық ғарыш орталығының жұмысымен танысты

Астана қаласы Ұлттық ғарыш орталығына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі   Аманжан Жамалов келіп кетті.

Депутат Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы кіретін Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысын көрді. Орбитада төрт жылдан астам жұмыс істейтін екі ЖҚЗ қазақстандық  жерсерігінің мүмкіндіктерімен және өнімімен танысты. 

А.Жамалов ғарыштық технологияларды Қазақстан мүддесінде қолдану туралы, атап айтқанда  ел экономикасы үшін ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктерінің өнімдері мен қызметтерін іс жүзінде қолдану туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады. 

Сонымен қатар,  ол  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарының ЖҚЗ ғарыш аппараттарын басқару және ғарыштық түсірілімдерді өңдеу орталықтарындағы жұмыс орындарына барды.

Мәжілісмен ғарыш инфрақұрылымының жаңа нысаны – жобалау жұмыстарын атқаруға, ғарыш аппараттарының құрамдас бөліктерінің және жерсеріктердің жерүсті қосалқы жабдықтарының өндірісіне арналған тәжірибелі өндіріспен ғарыштық техниканың арнайы конструкторлық-технологиялық бюросымен (ҒТ АКТБ) танысты. Сондай-ақ ғарыштық мақсаттағы бұйымдарды жасау жоспарланып отырған дәл механиканың, бақылау-өлшеу машинаның, механикалық сынаулар зертханасының, 3D-принтинг, электронды және кабельді өнімнің өндірістік учаскелерін қарап шықты.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов ҒТ АКТБ ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің  (ҒА ҚСК) негізгі бөлігі болып табылатынын атап өтті. 

"Союз", "Протон"және "Зенит" зымыран-тасығыштардың макеттері, сондай-ақ "Энергия-Буран" бағдарламасы шеңберінде құрылған кеңестік көп жылғы көліктік ғарыш жүйесінің   "Буран"  орбиталық көп реттік кемесінің макеті орналасқан 1,4 га ауданымен, ашық аспан астындағы бірегей мұрағаттық экспозиция ерекше қызығушылық туғызды. Қонақ ұсынылған ғарыш аппараттарының техникалық сипаттамаларымен, құру және пайдалану тарихымен танысты. 

Бұдан басқа, депутат «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында әртүрлі мәселелер талқыланды.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"