ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы

ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов ТМД ҚМК құрылуының 25 жылдығына арналған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушы мемлекеттері Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты.

Іс-шараға Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан әскери ведомстволарының делегациялары, сондай-ақ орындаушылық комитеті, ТМД мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы өңірлік терроризмге қарсы құрылымы жұмыс органдарының өкілдері де қатысты. Жұмыс барысында ТМД елдері Қорғаныс министрлерінің кеңесі командалық-штабтық жаттықтырулар, оқу-әдістемелік жиындар, далалық дағды және әскери-кәсіби шеберлік, оқу олимпиадалары және т.б. бойынша сайыстарды қамтитын Қарулы Күштердің келесі жылға арналғанбірлескен іс-шаралары жоспарын қабылдады. Сондай-ақ Министрлер кеңесі ТМД-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін қаржыландыру жобасын мақұлдап, Қарулы Күштер үшін әскери мақсаттағы бірыңғай геоақпараттық жүйе тұжырымдамасының орындалу барысын қарастырды. Әскери қауіпсіздік аясындағы ынтымақтастықтың даму маңыздылығын ескере отырып, ТМД мемлекеттері қорғаныс ведомстволарының басшылары халықаралық лаңкестікке қарсы іс-қимыл, оның ішінде, терроризмге қарсы бағыттылықтың бірлескен шараларын өткізу жүйесін құруға ерекше назар аударды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"