ТМД қатысушы мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

ТМД қатысушы мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті

Ташкентте қазақстандық әскери делегация ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің басшылық етуімен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысының жұмысына қатысты.

Кеңестің жұмысы басталар алдында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшыларын Өзбекстан Президенті Шавкат  Мирзиёев қабылдады.  Ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылдың сипатына қанағаттанғанын білдіріп, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін ынтымақтастықты әрі қарай нығайту қажеттілігі туралы пікірін білдірді. ТМД ҚМК отырысы барысында тараптар әртүрлі байланыс жүйелерін пайдалану, 2020 жылға дейін ТМД елдерінің қарулы күштерін инженерлік қамтамасыз аясындағы ынтымақтастық, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мәселелерін талқылады, сондай-ақ 2019 жылы Достастық мемлекеттері ӘШҚҚ біріккен жүйесінің бірлескен іс-шараларын белгіледі. Отырыс қорытындысы бойынша қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД шеңберінде бірқатар оқу-жаттығулардың өткізілуіне қатысты құжаттарға және 2019 жылға арналған қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс жоспарына қол қойды.  Топографиялық салада әскери ведомстволардың өзара іс-қимылын дамыту, мұрағаттық құжаттармен алмасу және әскери-мемориалдық жұмыс мүддесінде дерекқорды пайдалану, дене дайындығы және спорт, әскери БАҚ, оның ішінде, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштері әскери журналистерінің «Әскер Медиа-2019» баспасөз фестиваліне қатысуы және өзге де бірқатар құжаттарға қатысты әрі қарайғы даму бағытын айқындады. Дәл осы күні ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының бірқатар басшыларымен бірнеше екіжақты кездесу өткізді. Оның барысында әрі қарайғы әскери ынтымақтастықтың басымдықтары қаралып, талқыланды.  Сондай-ақ сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің  академиясына барды. Онда оқу үдерісі және әскери кадрлардың дайындығымен танысты. 

Материал взят с сайта: Министерства обороны Республики Казахстан
Источник: https://www.mod.gov.kz/kaz/press-centr/novosti/?cid=0&rid=4869
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства