Тегін экскурсия ұйымдастырылады

1-3 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары екі қабатты «Red Bus» экскурсиялық автобустарымен Астананың сол жақ жағалауына тегін экскурсия жасай алады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл көтеру орталығынан және ҚР ұлттық музейінен басталады. Ол қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтің көмегімен (бір рейс – қазақ тілінде, бір рейс – орыс тілінде) автобус салонындағы дыбыс күшейткіштері арқылы өткізілетін болады.

Экскурсияны белгілі бір тілде тыңдауды қалайтындар өз құлаққаптарын әкелуі керек. Мерекелік тегін серуендеу кезінде жолаушыларға құлаққаптар таратылмайды. Барлық сұрақтарды +7 777 555 75 75, 77-90-99 телефондары бойынша call-орталыққа немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі @redbus.kz парақшасына жолдауға болады.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында өткізіледі.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства