Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым

Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін атап өту үшін  83205 әскери бөлімінің жеке құрамы мен келген қонақтар мәдени-демалыс  залына жиналды.

Әскери бөлім командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары-бөлім бастығы майор Р.Калелбеков мерекелік салтанатты жиынның ашылу рәсімін жариялағаннан кейін, әскери қызметшілер мен қызметкерлер орындарынан тік тұрып салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады.
83205 әскери бөлімінің командирі полковник Еркін Алашбеков ұжымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, әскери қызметтеріне, жұмыстарына табыс, жанұяларына амандық, денсаулық  тілеп, ізгі ниетін білдірді. Коменданттық взводтың  аға сарбаз кезекшісі кіші сержант С.Мамырбекова да жеке құрамға мерекелік құттықтау лебізін жеткізді. Әскери бөлім командирі офицерлерге, сержанттарға әскери шен тапсырды.
Мерекелік шара барысында желтоқсан оқиғасы туралы видеоролик  көрсетілді.
Аяздың ызғарында тоңып, желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескен қазақ жастарының, тәуелсіздік жолында құрбан болған жастардың шынайы ерлігін видеороликтен көрген әрбір адамның көзіне еріксіз жас келеді. Жазықсыз қыршын қиылған кешегі қандастарымыздың жасаған ерлігі бүгінгі жас  ұрпаққа еліңді, жеріңді, ұлтыңды сүй деген аманаты еді.
Елбасы «Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуелсіздік. Ата бабамыздың қанымен, терімен келген тәуелсіздікті біз ешкімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз керек. «Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болып, көк туымыз көк аспанда мәңгілік қалықтап тұрса!» деген арман бар емес пе әрбір алаштың жүрегінде» деген болатын. Сондықтан да осындай ұлағатты сөз қазақ халқының жүрегінің төрінен орын алатынына күмәнім жоқ.  
Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты концертте туған жерге, елге арналған жырларды мәнерлеп оқыды. Сахна төріне алғашқы боп шыққан Нұрлат Измаханов «Туған жер» әнін шырқағанда әр азаматтың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі, отансүйгіштік қасиеттері одан әрі арта түскендей әсерде болды. Әскери қызметшілердің және қызметкерлердің балалары үнемі өнерлерімен  атсалысып әскери бөлімнің шараларына белсене қатысып жүреді, солардың бірі Шахизада Әділбек «Жібектің жолы» әнін және Элеонора Есбергенова «Тек алға» әнін керемет орындап шықты. Гүлайым Талаптанова «Елге сәлем» әнін тамылжыта шырқады.  Айдос Омаров  сахнаға  «Көк көйлек» әнімен шығып, көреременнің ықыласына бөленді.
Қазақ елінің танымал жұлдызы, «Бәйтерек» тобының әншісі, актер Ерлан Малаев «Жігіттің жыры», «Ханшайым» әнін орындап көрермендердің көңілін көтерсе, қазақ сахнасының тағы бір жұлдызы Нұрлан Амиров ұжымды мерекемен құттықтап «Досқа наз» әнін орындады.
Сондай-ақ, 2016-2017 жылғы «Жас ұлан Республикалық Армия әндері» байқауының лауреаты кіші сержант Әскербек Құрманаев Сегіз серінің әні «Әйкен-ай», «Анашым» әндерін әуелете шырқады.
Соңында ұжым басшысы тәуелсіздік мерекесіне арналған концертте өнер көрсеткен өнерпаздардың өнерлеріне тәнті болып, «өнерлерің өрлей берсін, шығармашылықтарың шарықтай берсін, тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ болғай» деген ақ тілегін арнап, өнерпаздарды грамотамен марапатды.



                83205 әскери бөлімі
    Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі қызмет бастығы
                    Ләззат Искак

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"