Рио Олимпиадасының бірқатар жүлдегеріне әскери шен табысталды

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов «лейтенант» шенін иеленді.

Дәл осындай атақ күміс және қола жүлдегерлер Елдос Сметов пен Василий Левит, Екатерина Ларионоваға да табысталды. Ал, Ұлттық гвардияның спорт командасының жаттықтырушылары Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко мерзімінен бұрын «капитан» атанды. «Динамо» спорт қоғамының атлетшілеріне әскери атақты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов табыстады. Сондай-ақ, спорт қоғамының сапында жүрген олимпиаданың өзге де жүлдегерлері «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Айта кетейік, егемендік алғалы бері «Динамо» спортшылары олимпиадада ел қоржынына жалпы саны 62 медаль салған. Оның 16-сы алтын, 19-ы күміс.
Данияр Елеусінов, Рио Олимпиадасының чемпионы: - Өте қуанышты көңіл-күйдемін. Еліме келіп осындай абыройлы, мәртебелі атақтарға ие болып отырмын. Өте қуаныштымын. Бүгінгі марапаттау үшін рақмет. Алдағы уақытта да сіздерді жеңістерімізбен қуанта береміз деген ойдамыз.
Әділбек Ниязымбетов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері: - Мен ІІД-де 2011 жылдан бастап қызмет етудемін. Біз өзіміз спортта жүрген соң, қол тиген кезде барып жігіттерге қолдау көрсетіп тұрамыз. Кішкене демалып болған соң ары қарай жалғасады деген ойдамын. Жас балалар бар өсіп келе жатқан, соларды жаттықтырамыз деген ойдамыз.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер
Тақырып бойынша материалдар:

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи