Қымбатты аналар, арулар!

Қымбатты аналар, арулар!

Өз атымнан және барлық Қарулы Күштердің ер-азаматтары атынан сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасы амандығын, кәсіби қызметте табыстар тілеймін!

Қай заманда да әйел заты отбасының ұйтқысы, мейірімділік, махаббат пен бейбітшілік символы болып қала бермек.

         Әйел затына құрметпен қарау – халқымыздың сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрі. Ежелден қайтпас қайсарлығымен көзге түсіп, ер-азаматтармен бір сапта тұрып Отанын қорғаған ұлы даланың арулары аз емес.

Бүгінгі күні сіздер Қарулы Күштер тарихында ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушысыздар. Әскери борышыңыз бен кәсіби қызметіңізді абыроймен атқарып, тәртіптіліктің, өз ісіне адал болудың үлгі-өнегесі болып табыласыздар.

Бізді, ер-азаматтарды, шешуші қадам жасауда әрқашан жігерлендіре отырып, сіздердің маңызды және жауапты істер атқаратыныңызды көп адам біле де бермейді.

Қымбатты арулар! Әрқашан сүйікті де сүйкімді болыңыздар. Жүздеріңізден бақыт күлкісі кетпесін, жүректеріңіз қуанышқа толы болсын. Шаңырақтарыңыз жайлылық пен жылулықтың құт-мекені болсын!

 

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи