ҚР ҰҚК ШҚ: Шекарашылар бес күнге созылған экстремизмге қарсы оқу-жаттығу өткізді

Мемлекеттік шекараның оңтүстік батыс бөлігінде «Батыс - 2016» деген атпен көпсатылы жедел-тактикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Әскери іс-қимылдарға негізделген жаттығуды Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-майор Дархан Ділманов бақылады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм мәселесі ушығып тұрғандығы белгілі, бұл мәселе ұлттық қауіпсіздікке де қауіп-қатер төндіруде.  

«22 шілдеде Құрлықтағы әскерлердің Әскери институтында бес күнге созылған оқу-жаттығудың ең бір белсенді бөлігі өткізілді. Оған Шекара қызметінің барлық бөлімшелері, оның ішінде шекара авиациясы, кемелері мен катерлері, түрлі әскери техникалары қатыстырылды», делінген хабарламада.  

Екі өңірлік шекара басқармаларының түйіскен жерінде шекара сақшылары шекаралық іс-шараларды өткізуді іс жүзінде атқарды. Бірқатар міндеттерді шекарашылар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы және Қарулы күштер құрылымдарымен бірлесе отырып атқарды.

Қазақстандық шекарашылар әскери және жедел-қызметтік дайындықтарын, ұйымдық-басқарушылық қызметті атқара алатындықтарын, қарулы қақтығыс кезінде күш құралдарын қолдану барысын тексерді.

Штаб және Мемлекеттік шекараны күзетуге қатысы бар басқа да басқару органдарының ықпалдастығын дамыту ісін пысықтады.

Шекара құрылымдарындағы лауазымды тұлғалар үшін өздерінің функциональдық міндеттерін әртүрлі бағытта пысықтауға берілген жақсы мүмкіндік екендігін айта кету керек.

«Батыс-2016» көпсатылы жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы үш деңгейде өткізілді.

Оның бірінші деңгейінде - Қазақстан Республикасының оңтүстік батысындағы мемлекеттік шекарадағы шекаралық қарулы қақтығыстың шартты түрде басталуына қатысты іс-қимылдар пысықталды.

Оқу - жаттығудың екінші деңгейінде диверсиялық - барлау, бандиттік топтарды іздестіру, оларды ұстау шаралары пысықталды. Сондай-ақ қарулы қақтығыс кезінде көршілес елдерден өтуі мүмкін босқындарды ауыздықтау мәселесін реттеу іс жүзінде көрсетілді.

Оқу-жаттығудың үшінші деңгейінде шекаралық қарулы қақтығысты жоюға қатысты әскери атыс практика жүзінде көрсетілді.

Шартты қарсылас ретінде көршілес елдің аумағы алынды. Көршілес елдің үкіметтік әскерлері мен халық жасағы қарсыластардың жасағын тоқтатып, өздерінің аумағының көп бөлігіне бақылау орнатты.

Кішкене үзілістен кейін шартты қарсылас әскери және арнаулы іс-шаралардың нәтижесінде шекаралас аймақты басып алды. Мемлекеттік шекара жолағындағы жауапкершілікті күшейту туралы шешім қабылданды.

Шекара қызметінің бірлестіктері, құрлымдары және бөлімдері мемлекеттік шекараны күзетудің күшейтілген режиміне көшіріледі. Жедел түрде Шекара қызметінің резерв тобы жасақталады. Олар белігіленген аудандарда құрылып, сол жерлердегі өңірлік басқармалардың қарамағына беріледі. Оларды орналастыру және әскери іс-әрекетке енгізу іс-шаралары қарастырылады. Теңіздегі шекарамызды күшейту үшін кемелер сапынан екі тактикалық топ жасақталып, олар тікұшақтар звеносымен күшейтіледі.  

Жағдай өте ушыққан жағдайда ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін аумақтық бөлімшелерде дайындық іс-шаралары атқарыла бастайды.

Шоғырлану аумағына жинақы топтар, тактикалық кеме топтары келе бастайды, суасты диверсиялық және минаға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Алдыңғы шептегі басқару бекеттері, авиация топтары құрылады.

Шекара заставаларының күш-құрылымдарының арқасында шекара отрядтарының күш-құрылымдарын қатыстыра отырып инженерлік жабдықтау үшін іс-шаралар атқарыла бастайды.

Шабуыл кезінде қарсыластың негізгі күштері айтарлықтай шығынға батты. Содырлар жасақтарының бірқатар бөлігі көршілес мемлекеттердің бірінің аумағында қайтадан жасақтана бастады. Әскери іс-қимылдар жүргізіле бастайды.

Жағдай шын мәнінде ушыға түсті. Шекара заставаларының аумағында Мемлекеттік шекараны бұзған азаматтар шұғыл түрде көбейе түсті.

Шекара заставасындағы жағдайдың ушығуы мүмкін екендігін есепке ала отырып заставалар адам санымен, және борндытехникалармен күшейтілді.

Мемлекеттік шекара топтық қарумен қаруланған шекара нарядтарымен күшейтіледі, ал қауіп-қатер төніп тұрған аумақтар брондытехникамен күшейтіледі. Мемлекеттік шекарада белгіленген режимді бұзушылардың жолын кесу бағытындағы іс-шаралар атқарылады.

Теңіз арқылы өтетін мемлекеттік шекара бойында да шекаралық инциденттер көбейе түседі - құрлықтағы және теңіздегі мемлекеттік шекараның бұзылуы, жекелеген адамдардың және топтанған адамдардың шекара бұзуы байқалады, көршілес мемлекеттен бақылаудың жүргізіліп жатқан дерегі тіркеледі, шекара нарядтарын ату дерегі тіркеледі. Босқындардың тұрақты түрде келуі байқалады.  

Осылайша босқындардың саны арта түседі. Олар шекара бойына лагерь тұрғызады. Қарсыластар өздерінің жымысқы пиғылдарын іске асыру үшін босқын ретінде еніп, содан кейін үгіт-насихаттық, бүлдірушілік, жансыздарды іске тарту әрекетін іске асырады. Осы мақсатта қарсыластар босқындар лагерінде бүлдірушілік әрекетін белсенді түрде жүргізе бастайды, сол арқылы шекарадан жалпылай өтуді көздейді.

Көршілес бір мемлекеттің аумағында қарулы қақтығыстың орын алғандығы туралы ақпарат келіп түседі, ол қақтығыстың біздің елдің аумағына қарай ойысуы мүмкін екендігі қарастыралады.  

Мемлекеттік шекараны бұзып өткендер тіркеледі. Шекара заставалары шекараны бұзып өтушілерді тоқтату жолында әскери іс қимылға кіріседі.

Құрамалы әскери жасақтардың көмегімен әскери авиацияны қолдана отырып заңсыз өткен қарулы жасақты жою туралы шешім қабылданады.

Құрама отряд жасақтары белгіленген ауданға қарай маршпен қозғалады, авицияның көмегі арқасында ұрысқа кіріседі. Ұтымды шабуыл нәтижесінде басып кірген қарсыластың көзі жойылады, мемлекеттік шекараны қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқарылады.

Шекара құрылымдары шекараны күзетудің қалыптағы жағдайына көшіріледі, тұрақты қызмет ететін жерлері бойынша резервтік топтар қайта жасақталады.

Шекара сақшылары осылайша өздеріне жүктелеген міндеттерді абыроймен орындап шықты, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, табиғи байлықты контрабандалық жолмен алып кетуге, заңсыз миграцияға тосқауыл қойылды.

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында терроризмге қарсы күрес қашанда басымдыққа ие екендігі белгілі.

Бүгінгі шекарашы дегеніміз ол - өз Отанының патриоты, беделді де абыройлы, терең білім игерген, адамгершілік қасиеті жоғары, кез-келген сәтте қиналған жанға көмек қолын созуға дайын, елі мен жерін қасық қаны қаны қалғанша қорғай білетін маман екендігі анық, оны бүгінгі оқу-жаттығу барысында дәлеледей білді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"