ҚР Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді жетік білетіндер анықталды

ҚР Қорғаныс министрлігінде үздік мемлекеттік тіл үйренушіні анықтау үшін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өтті. Аталған байқауға Құрлық әскерлерінен, Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасынан, Байланыс бас басқармасынан, Әскери полиция бас басқармасынан, Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубынан және 14776 әскери бөлімінен өзге ұлт өкілдерінің әскери қызметшілері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды 55765 әскери бөлімінен аға сержант Константин Головатый жеңіп алды. Екінші орын – ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшылығының әскери қызметшісі аға лейтенант Тимур Хурсанбекке, ал үшінші орын – ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасының әскери қызметшісі капитан Хурсанбек Махмудовқа бұйырды. Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыса, екінші «Полиглот» кезеңінде сайысты, ал үшінші кезеңде үй тапсырмасының сұрақтарына жауап беруден жарысты. Байқаудың әр кезеңдерінде әскери қызметші сөз сөйлеу мәнері мен шеберлігін, әдеби тіл байлығы мен сөздік қорын көрсетуі тиіс болатын. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін мемлекеттік тілді үйрену мүмкіндігі бар екенін айта кеткен жөн. Әскери қызметшілер бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отыруына байланысты жылда оқитындар саны өзгереді, ал қазақ тілінің тереңдетілген курсын аяқтағандар оқуды тәмамдайды. Тілді даярлау үш деңгейде өтеді. Олар – бастапқы, жалғастырушы және тереңдетілген деңгейлер. Мемлекеттік тілді офицерлер мен қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар ҚР Қарулы Күштерінің басшылық және командалық құрамы да оқиды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"