ҚР Қорғаныс министрлігінде лаңкестіктен қаза болғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жарияланды

9 маусым күні Қазақстанда Ақтөбе қаласында болған террористік актінің салдарынан құрбан болғандарға арнап ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестіктен қаза болғандар үшін ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Бүгін таңсәріден ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының ғимаратында көк ту төмен түсірілді. Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілердің жұмыс күні бейбіт адамдардың, Ұлттық ұлан мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қаза болған қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Одан басқа, ҚР Қорғаныс министрлігінің барлық бөлімшелері мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде мерт болғандардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қаза болған азаматтардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"