ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Франция Республикасының аумағындағы тексеріске қатысты

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Франция Республикасының аумағындағы тексеріске қатысты

ҚР ҚМ Қару-жарақ пен инспекцияны қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталығы бастығының орынбасары полковник Ерлан Мәкімов Франция аумағында өткізілген тексеріске инспектор қонақ ретінде қатысты.

Аталған тексеру қару-жарақты бақылау саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы өкілдерінің 11-ші жұмыс кездесуі барысында қабылданған шешімге сәйкес өткізілді. Инспекция шеңберінде Тулуза қ. Памье елді мекенінде орналасқан «Шассер» 1-ші әуе-десанттық полкінің бағасы бойынша бару өткізілді. Жеке құраммен кездесуді өткізу кезінде әртүрлі тақырыптарда ашық диалог өтті. Оның ішінде, мансаптық өсу перспективалары, әскери қызметтің беделі, әлеуметтік қамтамасыз ету, әскери білім беру туралы. Одан кейін инспекциялық топ Еуропадағы кәдімгі қарулы күштері туралы жария етілген орынды тексеруді жүргізді. Армиялық авиацияның қолбасшылығына бағындырылған Монтобан елді мекенінде орналасқан 9-шы аэроұтқыр қолдау полкі бақылау нысаны болып таңдалды. Инспекцияның басында бөлім командирі брифинг өткізді, ал одан соң бөлім периметрі бейнеленген бақылау нысанының сызбасы ұсынылды. Көрсетілген жұмыс өткізілгеннен кейін инспекциялық топ есептеу мәліметтерін және жыл сайынғы алмасумен салыстырды. ҚР Қарулы Күштері өкілдерінің көрсетілген инспекцияларға қатысу қажеттілігі ең алдымен, мемлекетіміздің қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындаумен байланысты.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства