ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа құрылымын ұсынады

Бүгінгі күні ҚР Қорғаныс министрлігінің балансында 19,7 мың пәтер бар. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қажеттілігі еліміздің барлық өңірлерінде жалпы көлемі 1 119 мың шаршы метр 20,5 мың пәтерді құрайды. Олардың ішінде Астана, Алматы қалалары үшін қажетті тұрғын үйдің жалпы көлемі 509,4 мың шаршы метр 9,4 мың пәтерді құрап отыр.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілерге жыл сайын тұрғын үйді жалға алғаны үшін компенсация төленеді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен жылда қаражат бөлінеді. Бұл қаражат жылдан жылға артып келеді. Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін 2014 жылы 12,3 млрд. теңге төлесе, ал 2015 және 2016 жылдары 16,7 және 22,8 млрд. теңге төлеуі керек. Осылайша, үш жыл ішінде қайтарусыз 50 млрд. теңге жаратылды. Аталған норма енгізілген сәттен бастап келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бюджеттік қаражат есебінен жеке жалға берушілерден тұрғын үйді жалға алып тұрады. Сонымен қатар, мемлекет те, әскери қызметші де кеткен шығындардың орнына жеке меншік пәтер ала алмайды. Демек, әскери қызметшілерге тұрғын үйді жалға алу үшін төленетін компенсация олардың тұрғын үй мәселесін толығымен шешіп бере алмайды. Аталған мәселе барлық әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті қызметтік тұрғын үй қорының болмауынан орын алып отыр. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге дербес тұрғын үй қызметтік тұрғын үй қорын толықтыру мақсатында, тиісті жалға алу шарты бойынша, әрі қарай сатып алу құқығымен қоса Қорғаныс министрлігінің жеке меншігінен берілетін болады. Дербес жалға алынған тұрғын үй 2013 жылдың 1 қаңтарынан  бастап еңбек сіңірген жылы 10 жылдан кем немесе 2013 жылдан кейін әскери қызметке алғаш келіп түскен Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне берілетін болады. Қорғаныс министрлігінің дербес жалға алған үйі үшін жалдау ақысын төлеу әскери қызметшінің тұрғын үйді жалға алу (жалдау) үшін төленетін компенсациясында қарастырылған қаражат есебінен тұтас операторға төлеу арқылы жүргізіледі. Бұл құрылым бірте-бірте енгізілетін болады. Әскери қызметшіні қызметтік немесе дербес жалға алған тұрғын үймен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда әскери қызметтегілерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін компенсация төлеуін тоқтатпайды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"