ҚР ҚМ Кадет корпусында нұсқаушылардың қызметі жетілдірілуде

ҚР ҚМ Кадет корпусында нұсқаушылардың қызметі жетілдірілуде

ҚР Қарулы Күштері мен Америка Құрама Штаттары арасындағы әскери байланыс жоспарына сәйкес оқу орнының оқытушылар және нұсқаушылар құрамын әдіснамалық дайындау курсы бастау алды.

Әдіснамалық дайындық курсы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде американдық мамандар Кадет корпусының 16 оқытушысы мен сержантын нұсқаушылар жұмысы әдістемесіне оқытып-үйретеді. Бағдарлама бойынша сабаққа нұсқаушыны кезең-кезеңмен дайындау, көрсетілімді дайындау тәртібі, аудитория алында сөз сөйлеу ерекшеліктері (оқып-үйренушілермен вербальды және вербальды емес байланыс орнату әдістері, жестикуляция, мінез-құлық), шағын топтарда үйренушілердің жұмысын ұйымдастыру, сабақ қорытындысын шығару және т.б. секілді тақырыптар қарастырылған. Екінші кезең барысында қазақстандық және американдық сарапшылар бірлесе оны әрі қарай Кадет корпусының оқу үдерісіне енгізу үшін курстың оқыту бағдарламасын әзірлейді. Үшінші кезеңде оқудан өткен әрбір офицер мен сержант бақылау сабағын өткізеді. Ал қалғандары оқып-үйренушілер рөлін сомдайды. «Аталмыш курс оқытушылар мен нұсқаушыларға өздерінің кәсіби қызметін жақсартуға, ал түлектерге сабақтарды өткізудің әдістемелік машығын игеруге мүмкіндік береді. Кейіннен осы оқыту бағдарламасы арқылы Кадет корпусында әрі қарай қызмет өткеру және тікелей кадеттерді оқытумен байланысты клеген барлық әскери қызметшілерді өткізу жоспарлануда», - деп атап өтті Кадет корпусының сержанты 1-сыныпты сержант Мейірбек Рақымбеков. Аяқталған соң оқуды сәтті аяқтағандар курсты тәмамдағаны туралы сертификаттарға ие болады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"