ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей премьері Дмитрий Медведевпен кездесіп, Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын елге қайтару мәселесін көтеретінін мәлім етті. Бұл туралы ол twitter-дегі жеке парақшасында жазды.
«Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын», - деп жазыпты Премьер-министр.